Өзбекстанда күн жанып тұр - ыстық рекордтық деңгейге жетті
Өзбекстанда күн жанып тұр - ыстық рекордтық деңгейге жетті
810
оқылды
Өзбекстанда шілденің аяғында тіркелген аптап ыстық көрсеткіші метеобақылау тарихындағы температуралық максимум рекордына жетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өзгидрометтің мәліметінше, 22-23 шілде күндері Өзбекстанның бірнеше өңірінде ауа температурасының рекорды жаңарған. 22 шілдеде абсолютті температуралық рекордтар Хорезм облысының Туямуюнінде (+ 47,5 градус) және Навои облысының Үшқұдығында (+ 46,3) белгіленді. Алдыңғы рекордтар 2021 жылы сәйкесінше +46,1 және +46,2 градус деңгейінде тіркелген еді. Сол күні Нүкісте температура рекордтық +43,7 градусқа дейін көтерілді (2018 жылғы алдыңғы рекорд - 42,2 градус). Ауа бағамы Үргеншіде - 45,4 градус (1973 жылы +41,4 градус болған), Бұқарада - 45,8 градус (2018 жылы +44,7 градус), Әндіжанда - 40,7 градус (1948 жылы +40,1 градус) көрсетті. 23 шілдеде Ташкентте ауа температурасы +42,8 градусқа дейін көтеріліп, 2018 жылғы рекордтық көрсеткіштен (+42,2 градус) асып түсті. Синоптиктер метеорологиялық бақылаулар тарихында Өзбекстандағы ең жоғары температура (+50°) 1944 жылдың шілдесінде Қызылқұм шөлінде және Термез қаласында тіркелгенін атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, үш күн ішінде Өзбекстанда аптап ыстық салдарынан 4 мыңнан астам адам ауруханаға түсті.