Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды zakon.kz.
Құқықтық статистика органдары мәліметтері бойынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың саны 1002 адамды құрады, бұл - өткен жылмен салыстырғанда біршама аз көрсеткіш, дәлірек айтсақ 7% төмен, - деді Жарова.Ақпаратқа сәйкес, сотталғандардың 515 -і - орталық мемлекеттік органдардың, 261-і - жергілікті атқарушы органның, 37-сі - квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, ал 189-ы - басқа адамдар.
Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім министрліктердің бестігі құрылды. Олар: ҚР ІІМ, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі.Ол көбіне жемқорлық қылмысы осы министрліктің өңірдегі бөлімшелерінде және оған қарасты мекемелерде жиі орын алғанын да айта кетті.