Қызылорда облысында табиғаттың тосын құбылысынан екі ауылда төтенше жағдай орын алды.
Облысқа қарасты Шиелі ауданының Бәйгеқұм, Ақтоған ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығынан мектептің және бірқатар жеке сектордағы үйлердің шатыры ұшып, табиғат тосын мінез танытты. Аудан әкімдігі жанынан табиғи жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылып, тиісті шаралар қабылданды.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ
Қызылорда облысы