Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
641
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады.

31 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 31 шілдеде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні шамамен 15-20 м/с.

31 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай жарқылдайды. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Қарағанды қаласында 31 шілдеде найзағай күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

31 шілдеде түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Көкшетау қаласында 31 шілдеде күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.

31 шілдеде түнде Абай облысының батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында 31 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

31 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында 31 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

31 шілдеде Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорган қаласында күндіз 31 шілдеде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 31 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Қостанай қаласында күндіз 31 шілдеде найзағай күтіледі.

31 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 31 шілде-02 тамызда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. 31 шілде-02 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында күндіз 31 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.