Атырау облысында жеміс тиелген «Газель» өртеніп кетті - видео
Атырау облысында жеміс тиелген «Газель» өртеніп кетті - видео
5,905
оқылды
Атырау облысында жеміс тиелген "Газель" көлігі жолда өртеніп кетті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, көлік өрті 30 шілдеде сағат 10:00 шамасында болған. Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 565-шақырымы тұсында «Газель» автокөлігі өздігінен өртеніп кеткен. Жүк көлігі Атырау қаласынан Мақат ауданындағы Доссор кентіне қарай бара жатқан. Көлік бортына жеміс түрлері тиелгені анықталды. Жалынның салдарынан «Газель» автокөлігі түгі қалмай, жанып кетті. Көлік жүргізушісі құжаттарын алып, шығып үлгерген.
«Жүргізушілер жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын мұқият тексеріп алуы керек. Техникалық жағдайы талапқа сәйкес келмейтін көлікпен жолға шықпаған жөн», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізуді бастады. Көліктің өртенуіне не себеп болғаны анықталып жатыр.