Талдықорған қаласының жаңа әкімі қандай баспанада тұрады?

Талдықорған қаласының жаңа әкімі қандай баспанада тұрады?

Талдықорған қаласының әкімі болып жақында ғана тағайындалған Әсет Масабаев Tengrinews.kz тілшісіне жаңа қаладағы тұрғылықты жері туралы айтып берді. Әсет Масабаев қаланың беделді аудандарының бірінде үш бөлмелі пәтерді 200 мың теңгеге жалдап тұрып жатыр. Әкім қалада жалға алу бағасы тым жоғары деп есептейді.

"Басында 210 мың болатын, қазір жалдау ақысы 200-ге дейін төмендеді. Бұл екі жатын бөлмесі мен залы бар үш бөлмелі пәтер үшін. Демалыс күндері отбасым келеді, қазір ағам менімен бірге тұрады", - дейді Әсет Масабаев.
Әкім өзінің жеке көлігі туралы да айтты. Ол 2021 жылғы Mitsubishi Pajero көлігін несиеге алған. Сату сайттарында мұндай көліктің бағасы 19 миллион теңгеден басталады.