АҚШ-та Гитлердің қол сағаты аукционда 1,1 млн долларға сатылды
АҚШ-та Гитлердің қол сағаты аукционда 1,1 млн долларға сатылды
473
оқылды
Фашистік Германия басшысы болған Адольф Гитлерге тиесілі делінген қол сағаттар АҚШ-тың Мэриленд штатындағы аукционда 1,1 млн долларға сатылды, - деп хабарлайды ВВС. Сағаттарды кімнің сатып алғаны белгісіз. Өйткені, сатып алушы адам аукционға аноним түрде қатысқан. Гитлерге тиесілі болған «Huber» фирмасының сағаттарында свастика бейнеленген және AН инициалы ойып жазылған. Аукцион каталогында сағаттар Адольф Гитлерге 1933 жылы ол фашистік Германия көшбасы болған уақытта туған күніне сыйлық ретінде берілгені жазыған. Сондай-ақ, аталған аукционға Гитлердің жұбайы Ева Браунға тиесілі көйлек те қойылған.