Ақтауда шетелдіктерден мефедрон синтетикалық есірткісінің 740 дозасы тәркіленді.
21 шілдеде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының аумағында есірткі заттарын салу сәтінде Өзбекстан Республикасының бір топ азаматын ұстады.
Тінту барысында жалпы салмағы 740 грамм болатын мефедрон есірткі заты салынған 221 дана орам тәркіленді. Ұсталғандардың бірінің жұмыс орнында тінту кезінде жалпы салмағы 200 грамм мефедрон және салмағы 10 грамм болатын 20 дана "марка" атауындағы есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған адамдар тобы өткізу мақсатында Ақтау қаласының аумағында орналастыру үшін есірткінің ірі партияларын дайындауды жүзеге асырып, электрондық әмияндарға сатудан ақша қаражатын алды, - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.Аталған дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.