Ақтөбеде жол апатынан 6 адам қаза тапты
Ақтөбеде жол апатынан 6 адам қаза тапты
Фото: news.myseldon.com
360
оқылды
Оқиға Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында болған.  30 шілде күні сағат 23.30-да Самара – Шымкент тасжолында болды. Honda Fit маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғыз Республикасының азаматы болған. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан LADA Largus маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. «Хонда-Фит» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «Хонда-Фит» автокөлігінің жүргізушісі мен 30 жастағы тағы бір жолаушысы Ырғыз аудандық ауруханасына жеткізілді.