Астанада азық-түлікті арзан бағада сататын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Астанада азық-түлікті арзан бағада сататын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Фото: astana.gov.kz
609
оқылды
Астанада бүгіннен бастап әр өңірдің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жайында елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Қала әкімдігінің мәліметінше, осы күндері «Астана Арена» жанында жәрмеңке демалыс күндері өткізіліп келеді. Өңірлердің жәрмеңкесі тамыздан басталады. Өткен сенбі-жексенбіде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, көтерме сатушылар өз өнімдерін ұсынды. Көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері, балық және бал арзан бағамен сатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарық бағасынан 10-15% төмен бағамен сатады.