Қазақстанда күн күрт суытады
Қазақстанда күн күрт суытады
Фото: odnaminyta.com
12,767
оқылды
Алдағы екі-үш тәулікте солтүстікте күн салқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Солтүстік өңірлерде, қатты нөсерден кейін солтүстікте антициклон әсерінен күн суытады. Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр жауып, сел жүруі де мүмкін. Найзағай, бұршақ, дауыл, жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі. Күндіз батыста +28 +33°С, оңтүстік-батыста +33 +38°С, солтүстік-батыста +18 +28°С. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді. Күндіз негізгі фон +17 +28 °С-ты, елдің оңтүстігінде +25 +34°С болады. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35-тан +25 +30°С-қа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22°С болады.