СҚО әкімінің 2 орынбасары қызметінен босатылды
СҚО әкімінің 2 орынбасары қызметінен босатылды
© ortcom.kz
330
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың орынбасарлары Ғани Нығметов пен Тимур Сұлтанғазиев қызметінен босатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Үкiмет қаулысына сәйкес СҚО әкiмi орынбасарларының екi штаттық бiрлiгi қысқартылды. Ғани Сақтағанұлы Нығыметов және Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев қызметiнен босатылды. Қазiргi таңда облыс әкiмiнің 3 орынбасары бар", - делінген ақпаратта.