Таразда арзан бағаға «қант әперемін» деген алаяқ ұсталды

Таразда арзан бағаға «қант әперемін» деген алаяқ ұсталды

Қант қат дүниеге айналғалы бері «тәттіден тістеп» қалғысы келетін алаяқтар да көбейді. Мәселен, Тараз қаласында 23 жастағы азаматша «арзан бағамен қант әперемін» деп халықтың 2 миллион теңгесін қолды қылып кеткен.      Биыл  29 шілдеде Тараз қалалық 2-полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғынынан бейтаныс азаматша арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткені туралы арыз түседі. Келтірілген  шығын көлемі  2 000 000-нан аса теңгеге бағаланған. «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны қолға түскен.  Күдікті кінәсін толық мойындап, қазір  оның  осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Иә, байқамасаң, арзанға ұмтылып бармақ тістеуің мүмкін.