Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің 4 аймағаында дауылды ескерту жариялады. Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Семейде күндіз найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екіні облыс орталығында 15-20 м/с құрайды, облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.