Оралда аулада ойнап жүрген бала екі саусағынан айырылды
Оралда аулада ойнап жүрген бала екі саусағынан айырылды

Оралда аулада ойнап жүрген 13 жасар бала екі саусағынан айырылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні шамамен сағат 21.10-да болды.

«2009 жылғы бала Х.Доспанова көшесі 69-үй ауласындағы балалар алаңында орнатылған тренажер жабдығында ойнап жүріп, жарақат алған. Салдарынан қолының бірнеше саусағын кесіп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабы 2-бөлігіне (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,– деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, баланың бір саусағы сол жерде кесіліп қалған. Терісіне ілініп тұрған екінші саусағы ауруханада алынды.