Құрылысына Президенттің өзі назар аударып, Үкімет пен облыс басшылығына тапсырма берген Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім және Көкпекті аудандарының арасын жалғайтын көпір аймақтағы ең ұзын өткел болмақ. Бұқтырма су қоймасының ең жіңішке тұсы – 1300 метр. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары әлдеқашан дайындалған. Барлығы 30,2 млрд. теңге жұмсалмақ. 5 млрд. теңге жыл басында республикалық бюджеттен бөлінді. Облыстық бюджет есебінен тағы 500 миллион теңге қосылмақ. Құрылыс жұмыстары көктемде конкурстық рәсімдерден кейін, басталады. Облыс басшылығы республикадан келетін траншты тоспай шаруаны бастай бермек. – Оң жағалау жаққа, Құйған ауылынан басталатын екі жарым шақырымдық кіреберіс жол салу қажет. Көпір құрылысы келісім жасалған күннен бастап 36 айдың ішінде аяқталады, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы