Елордада Мәңгілік ел даңғылының учаскесі толығымен жабылады
Елордада Мәңгілік ел даңғылының  учаскесі толығымен жабылады
722
оқылды
Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Мәңгілік ел даңғылы толығымен жабылады. Бұл туралы ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғанын мәлім етті", – делінген ақпаратта.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2-8 тамыз аралығында Достық көшесінен Сарайшық көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскеде автокөлік қозғалыс толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына «қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет екені» ескертілді.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген басқарма хабарламасында.