Жанармай талонын арзан бағамен сатқан басшы 6 жылға сотталды
Жанармай талонын арзан бағамен сатқан басшы 6 жылға сотталды
Фото: amp.my.ua
209
оқылды
Қостанайда жанар-жағармай талонын заңсыз сатқан басшы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. «Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызмет бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен сатып жіберген. Кәсіпорынның экс-басшысы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензин және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынының талонын ұрлап, 18,5 миллион теңге материалдық залал келтірген. Сот шешімімен 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Пробациялық бақылауда болады.