Меценаттар мектепке дайындап жатыр
Меценаттар мектепке дайындап жатыр
304
оқылды
AMANAT партиясы Алматы қалалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты дәстүрлі республикалық акциясын бастады. Аталмыш акция 2008 жылдан бері еліміздің барлық өңірінде өткізіліп келеді. Соның аясында партия өз тарапынан жыл сайын 2 мыңнан астам баланы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді. Партия мүшесі, меценат, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымовтың қолдауымен әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан 23 оқушыға мектеп формасы, спорттық киімдер мен мектепке қажеттi оқу құралдарын алуға сертификаттар табыс етілді. Қалалық филиалдан бастау алған қайырымдылық акциясы аудандарда өз жалғасын тауып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.