Мониторинг тобы іске кірісті
Мониторинг тобы іске кірісті
244
оқылды
AMANAT партиясы Шымкент қаласының Еңбекші ауданды филиалы жанынан құрылған топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізді. Аталған мониторингтік топ құрамында партиялық бақылау комиссия мүшелері Нұрлан Анарбаев, Ғабит Кеншінбаев болды. Олар қаладағы Magnum Exрress сауда орнындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына бақылау жүргізді. Сауда орындары халыққа қажетті өнімдермен толық қамтылған. Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың тапсырмасына сәйкес, өңірлік филиалдардағы мониторингтік топтарға арнайы жұмыс алгоритмі бойынша апта сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларын белгілеу міндеттелген болатын. Жұмыс нәтижесі бойынша анықталған проблемаларды жою үшін ұсыныстар жасалып, нақты мерзімдер мен жауаптылар белгіленді. Ұсынымдардың орындалуын партиялық бақылау ұйымдары жіті қадағалайтын болады. Алдағы уақытта аудан аумағындағы жұмыс топтары супермаркет, базар, дүкендерді аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады. Мониторинг тобына БПҰ төрағалары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері мүше.