Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді еңбек демалысына шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі еңбек демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізгенін жазған болатынбыз.