Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: yandex.kz
330
оқылды
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін Ордабасы ауданы маңында шамамен түнгі сағат 02.00 болған. «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында Lada Priora мен «ВАЗ-21099» көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жарақат алған Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Алайда жолаушының біреуі ауруханада қайтыс болды. Бұдан бөлек, «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.