Короленко көшесі жойылды
Короленко көшесі жойылды
Алматыдағы рұқсат етілмеген митинг қайғылы жағдаймен аяқталғаннан кейін Короленко көшесі толық жойылды. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ренат Сейдрамановтың айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша Короленко көшесінің төрт жеріне жылдамдықты шектейтін кедергілер төселіп, Гагарин және Радостовца көшелеріне екі шлагбаум орнатылды
«Қала әкімдігінің қаулысымен Короленко көшесі жойылды, бұл көше қазір жоқ. Аталған аумақ қазір тұрғын үй аймағына айналды. Енді көше статусы жоқ», – дейді аудан басшысының орынбасары.
Ол қазір ауданда жаппай құрылыс жүріп жатқанын, тұрғындардың барлық мәселесі уәкілетті органдармен бірлесіп шешілетінін айтты.
«Бұл жағдайды толық бақылауда ұстаймыз. Енді қайғылы жағдай қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Ренат Сейдраманов.
11 маусымда Короленко көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары рұқсат етілмеген акцияға шығып, жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы мен көлік санының көбеюіне байланысты Гагарин көшесінің бойындағы жолды жауып тастаған болатын. Рұқсат етіл меген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған М. есімді азамат жанжал кезінде қозғалысы бөгелген көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылы туған К. есімді азаматты жарақаттаған болатын, жәбірленуші қайтыс болды.