Полиция өзенде көлікпен жүрген жүргізушіні жауапқа тартады. Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ түсті көліктің Есентай өзенін кешіп жүргенін көруге болады.
«Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі аталған дерек бойынша тексеруді бастады. Видеодағы көлік жүргізушісі міндетті түрде жауапқа тартылады», – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.