Шымкентте қазынадан бөлінген мемлекеттік гранттарды той мен құдалық өткізуге жұмсаған
Шымкентте қазынадан бөлінген мемлекеттік гранттарды той мен құдалық өткізуге жұмсаған
Фото: mail.kz
1,106
оқылды
Шымкентте қазынадан бөлінген қаржыны ысырап еткен кәсіпкерлер анықталды. Tengrinews.kz-тің жазуынша, кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңгені той, құдалық, кредит төлеуге жұмсаған. Шымкент қалалық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, былтыр 23 кәсіпкер мемлекеттік грантты орынсыз жұмсаған. Қайтарымсыз гранттарды бас пайдасына жаратқан кәсіпкерлерді жауапқа тартты. «Қарыз өтеуге, несие төлеуге, үйлену тойына ақша алуға болмайды. Бәрінің сұрауы бар, аз қаржы емес. 1 миллион 225 мың теңге бизнесті дамыту үшін беріледі. Енді тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жауапқа тартамыз», – деді Балмаржан Нарбекова. Бұған дейін Шымкент тұрғындары алмаған тауары үшін 300 миллион теңге кредит төлеуге мәжбүр болғанын жазған болатынбыз.