Партия келбеті - фотограф көзімен
Партия келбеті - фотограф көзімен
237
оқылды
Үздік, белсенді және креативті партия мүшелерін анықтау және партияның қоғамда алатын рөлін насихаттау мақсатында AMANAT партиясы елордалық филиалының ұ­йымдастыруымен 15-30 тамыз аралығында «Партия келбеті» фотокөрмесі өтеді. Көрмеге AMANAT партиясының кез келген мүшесі, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатыса алады. Партиялықтар күнделікті өмірде түсірілген шынайы, креативті фотосуреттерін 8 тамызға дейін nargizshotpaeva@mail.ru парақшасына жолдауы қажет. Үздік деп танылған фотосуреттер «Бәйтерек» монументі алаңында ашық аспан астындағы фотокөрмеге қойылады. «Партия келбеті» деп танылған фотосуреттер арнайы жүлделермен марапатталады.