Ел ішіне іріткі салған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды
Ел ішіне іріткі салған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды
Фото: pos-rubez.ru
344
оқылды
Петропавлда ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады. Петропавл қалалық соты әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыптыға қатысты үкім шығарды. Екеуі алдағы 5 жылын темірторда өткізеді. Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде және YouTube арнасында Солтүстік Қазақстан облысын және Петропавлды Ресейдің құрамына беру туралы жиі жазып, елдің тұтастығын бұзуды көздеген.