Өскеменде дауылдан электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы қаза тапты
Өскеменде дауылдан электр сымы үзіліп, әкесі мен баласы қаза тапты
Фото: twitter.com
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, Өскеменде дауылдан электр сымы үзілді. Салдарынан әкесі мен баласы қаза тапты. Оқиға 17 шілде күні Чернов көшесінде болған. Дауылдан үзілген электр сымын 74 жастағы ер адам мен 49 жастағы ұлы сымды қозғамақ болған кезде ток соққан. Екеуі де оқиға орнында қаза тапқан. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Бұған дейін найзағай түскен ер адам туралы жазған болатынбыз.