Қарсыластар анықталды

қарсылас

Қостанайлық «Тобыл» мен «Қызыл-Жардың» конференция лигасының плей-офф кезеңінде
қай командалармен кездесетіні белгілі болды. Бұл ойындар 18-25 тамызда ­өтеді.

Плей-офф кезеңінде қостанайлықтар «Олимпиакос» (Грекия) – «Слован» (Словакия) арасындағы жеңімпазбен жолығады. Бірақ плей-офф кезеңіне шығу үшін «Тобыл» үшінші іріктеу кезеңінде босниялық «Зриньски» командасын ұтуы керек.

Ал «Қызыл-Жар» Али Алиевтің командасы «Сфынтул Георге» (Румыния) – «Юргорден» (Швеция) жұбында жеңіске жеткен командамен кездесуі мүмкін.

Бұл команданың үшінші кезеңдегі қарсыласы – кипрлік АПОЭЛ. Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 4 тамызда қарсылас команданың жерінде болса, жауапты ойын 11 тамыз күні Қазақстанда өтеді.

Асыл ТҰМАР

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.