Екі-үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады
Екі-үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады
Фото: yandex.kz
Синоптиктер 4-6 тамыз күндері ауа райы құбылмалы болатынын болжап отыр. Солтүстік антициклон әсерінен солтүстік облыстарда түнде салқын болады. Атмосфералық фронтальды бөліктер біртіндеп оңтүстікке ауысып, республиканың орталық, шығыс және оңтүстік жартысында жауын-шашынның сақталуына ықпал етеді. Фронттар таулы аймақтарға жақындаған сайын бұл аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста +28+34°С, оңтүстік-батыста +30+38°С, солтүстік-батыста +25+33°С, солтүстік пен шығыста +22+28°С болады. Орталықта +20+25, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +28+35°C, тауға жақын жерде +22°C шамасында сақталады.