Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
© ҚТЖ

Алматы облысы Іле ауданындағы «Еңбек-Құйған» теміржол өткелінде жүк пойызы мен Аudi 100 көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні болған.

"Соқтығысу салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тергеліп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.