Қазақстанның демалыс орындарына жаңа санитарлық талаптар бекітілді
Қазақстанның демалыс орындарына жаңа санитарлық талаптар бекітілді
© newtimes.kz
337
оқылды
Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 маусымдағы №ҚР ДСМ-67 бұйрығымен жаңа «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидалары бекітілді.  Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №183 бұйрығының күші жойылады. Жаңа санитариялық қағидалар: 1) коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын; 2) қонақүй қызметін көрсететін объектілерге, моншалар мен сауналарға, шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын; 3) кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын; 4) халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын; 5) спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне қойылатын; 6) жаппай демалу орындарына, қоғамдық дәретханаларға қойылатын; 7) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.