Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
335
оқылды
Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді. Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
«Іс-шара барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық азамат облыс орталығында қолға түсті. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен (қарақшылық) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.