Павлодарда белгісіз біреу сот ғимараттарына бомба қойылғанын хабарлаған

Павлодарда белгісіз біреу сот ғимараттарына бомба қойылғанын хабарлаған

Павлодардағы бірнеше сот ғимараттарына бомба қойылғаны туралы шұғыл байланыс желісіне хабарлама келіп түсті. Аталған нысандардағы қызметкерлер дереу арада эвакуацияланды.

«Бүгін сағат 14:53-те Павлодар облыстық және Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство атап өткендей, оқиға орнына дереу барлық шұғыл ден қою күштері жеткен. «Адамдар эвакуацияланды. Саперлер жұмыс істеп жатыр, ғимараттар тексеріледі», - деп толықтырды органнан.