Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы алтыншы ойынын өткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жолы ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен сүріндірді. Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал, Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді.