Бір тәулікте коронавирус 2792 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 847, Алматы қаласында – 435, Шымкент қаласында – 41, Ақмола облысында – 123, Ақтөбе облысында – 70, Алматы облысында – 57, Жетісу облысында – 122, Атырау облысында – 63, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Абай облысында – 43, Жамбыл облысында – 59, Батыс Қазақстан облысында – 134, Қарағанды облысында – 361, Ұлытау облысында – 62, Қостанай облысында – 87, Қызылорда облысында – 42, Маңғыстау облысында – 41, Павлодар облысында – 99, Солтүстік Қазақстан облысында – 53, Түркістан облысында – 17. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 360 068-ге жетті.