Қорғаныс министрлігі отандық техниканы сатып алмайды деген айыпты жоққа шығарды
Қорғаныс министрлігі отандық техниканы сатып алмайды деген айыпты жоққа шығарды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ведомство қару-жарақ пен әскери техника сатып алатын кезде ресейлік және түрік өндірушілеріне басымдық беріп, отандық қорғаныс өнеркәсібіне зиянын тигізіп жатқаны жайлы ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, БАҚ материалдарының бірінде "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС-ның қорғаныс министрлігіне қоятын талаптары айтылған. Министрлік елдің қорғаныс қабілетіне жауап беретін ведомствоға қару-жарақ пен әскери техниканың сан түрі (ҚЖӘТ) қажет екенін атап өтті.
"Бұл ретте әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарына да басымдық беретіні анық. Тәуелсіздік жылдарында қорғаныс өнеркәсібі әскерге қажет өнімді, яғни кеме жасауды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын, оптикалық-электрондық жүйелерді, броньды танк техникасын өндіру мен жөндеуде және оқшаулау саласында белгілі бір жетістіктерге жетті", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қару-жарақ пен әскери техникаға деген ішкі нарықтағы қажеттілік елеусіз. Сондықтан бұндай өнім шығарушы өз өнімін әртараптандырып, экспорттау бағытын да ұстануы керек. Қорғаныс министрлігі әскери техника мен қару-жарақты сатып алу кезінде олардың тактикалық-техникалық, пайдалану сипаттамаларына, сондай-ақ баға мен сапа көрсеткішінің арақатынасын ғана бағдарлайды.
"Қорғаныс министрі, кез келген лауазымды тұлға емес, тек арнайы құрылған алқалы орган ғана әскери сарапшылардың, ғалымдардың, Қарулы күштердің жауынгерлік құрамы мен ықтимал ұрыс қимылдарының сипаты негізінде қандай қару-жарақ пен қандай техниканы сатып алу қажеттігін анықтайды. Әлемнің бірде-бір елі қандай да бір қару-жарақтың қандай да бір үлгісін, жарақ түрі мен санының неге сатып алынатыны жайлы егжей-тегжейлі жайып салмайды", - деп түсіндірді министрлік.
Қорғаныс министрлігі былай дейді: "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" құрылтайшыларының бірі – Paramount Group Limited – қорғаныс және аэроғарыш техникасына маманданған Оңтүстік Африка корпорациясы. Оның бронды техникасы қазақстандық машинаның прототипі болып табылады. Бастапқыда "Арлан" БК Оңтүстік Африкалық "Marauder" бронды транспортерінің көшірмесі ретінде шығарылды. 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасы компаниясының үлгілес "КПИ" ЖШС Singapore Technologies Kinetics-пен (STK) 90 млн еуро сомасына брондалған көлікті жеткізу жөнінде мәміле жасасты. Алайда 2016 жылдан бастап бұларды жеткізуді толық жүзеге асырмады. Сөйтіп 2018 жылдың ақпан айында STK PCS банкрот деп жариялауға өтініш берді.
"2018 жылы Оңтүстік Африка компаниясы қаржылық қиындықтарға және өз міндеттемелерін уақтылы орындамауына байланысты банкрот деп жарияланып, өз қызметін тоқтатты", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, "Марадер" және "Матадор" минаға қарсы күшейтілген қорғанысы (MRAP) бар брондалған автомобильдер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (полиция функциялары), терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге, шекара патрульдеуге арналған, сондай-ақ олар Қарулы күштердің іс-қимылына ғана емес, бітімгершілік миссияларға да қатысады. Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде қару-жарақ пен әскери техника нарығына мониторинг жүргізіп отыр. Қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін қабылдау тәртібі ресми нормативтік акт болып табылатындықтан қабылдау ережелеріне сәйкес нақты регламенттелген. Түріктің бронды көліктеріне келсек, олар да осы құжатта анықталған процедураға сәйкес зерделенетін болады. Қорғаныс министрлігі белгілі бір түрік компаниясы 90 дана "АРМА" машинасын және 30 "Кобра" машинасын сатып алуды ұсынады" деген ақпарат бос сөз екенін және қоғамда жағымсыз көзқарас тудыруды, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алуға қысым жасауды мақсат ететінін атап өтті.