Жақында біздің ел ет, сүт, жұмыртқа алтынға теңесетін жағдайға жетеді - Алмазбек Садырбаев
Жақында біздің ел ет, сүт, жұмыртқа алтынға теңесетін жағдайға жетеді - Алмазбек Садырбаев
1,142
оқылды
"SHOPAN ATA Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Алмазбек Садырбаев ел аштыққа ұшырайды деген болжам жасады. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты.
"Барлығы аштықта болатындай жасалып жатыр. Экономикалық жағдай қиындап, азық-түлік қымбаттап жатыр. Биліктегілер шаруашыларға тек қиындық жасауда. Аш халықтан не күтуге болатынын бәріміз жақсы білеміз. Бұл қанттан басталды, онда орыстар немесе белорустар біздің сүт индустриясын, құс және мал шаруашылығын құлатпайтынына қандай кепілдік бар? Жақында бізде ет, сүт, жұмыртқаны алтынға теңесетін жағдайға жетеміз. Сондықтан көрші елдерге үмітпен қарағанша, өзіміздің шаруаларға қолдау көрсетуіміз керек", - деді Алмазбек Садырбаев.