Айжан Есмағамбетова елорданың "қызыл аймаққа" ену ықтималдығын болжады
Айжан Есмағамбетова елорданың "қызыл аймаққа" ену ықтималдығын болжады
© 24.kz
333
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елордадағы эпидахуалдың тұрақтана бастағанын хабарлады. 
«15 шілдеден бері коронавирус жөніндегі эпидахуал матрицасын қайта қарап, өзектендірдік. Соңғы 7 күндегі орташа тәуліктік науқастану көрсеткішінен, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткішіне көштік. Бұл, яғни, емханаға жатқызудың тәуліктік деңгейі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені дәл сипаттайды», - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда кейінгі бірнеше күнде ахуал тұрақтанып келеді.
«Екіншіден, Нұр-Сұлтанда «R» көрсеткіші күн сайын азайып келеді. Ол шама бүгін бірден сәл ғана артық болып тұр – 1,098. Шатаспасам, Нұр-Сұлтандағы қазіргі ахуалды ушығып тұр дегеннен тұрақтанып келе жатыр деуге көбірек келеді. Сондықтан, біз Нұр-Сұлтан қаласында қосымша қатаң шаралар енгізу туралы айтып та, болжап та отырған жоқпыз. Бірақ көп дүние өзімізге, біздің әрекетімізге, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына құлақ асқанымызға байланысты. Әзірше Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. Бұл жағдайда қоғамдық көлікке мінген кезде және жабық ғимаратқа кіргенде маска кию сияқты шаралар ғана бар», - деді Айжан Есмағамбетов.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда маймыл шешегін диагностикалаудың әдістемесі әзірленіп жатқанын айтты.