Қытай Тайваньдағы жаттығу аясында бірнеше нысанға соққы жасады

Қытай Тайваньдағы жаттығу аясында бірнеше нысанға соққы жасады

Қытай әскері Тайваньдағы әскери жаттығу аясында жауынгерлік атуды қолға алды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады. 
 «4 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Тайвань бұғазында алыс қашықтықтарға жауынгерлік ату туралы бұйрық түсіп, Тайвань бұғазының шығыс бөлігіне дәл соққылар жасалды. Күтілген нәтижеге қол жетті», - делінген хабарламада.
Қытай Тайваньдағы әскери жаттығуды 4 тамызда бастады. Жаттығу жиыны 7 тамызға дейін жалғасады. Жаттығу аясында арал маңындағы әуе кеңістігі мен суда жауынгерлік атуға мүмкіндік берілген. Тайвань тарапы мұны аймақтағы кво-статусын өзгерту үшін жасалған кезекті арандату деп бағалауда. Қытайдағы ірі әскери жаттығу АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде өткізілуде. Ол 2 тамыз күні Азия турнесі аясында аралға келген болатын. Нэнсидің Тайваньға келетіні туралы Ақ үй ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Тайваньға қатысты Қазақстанның ресми ұстанымын жариялады.