Өткен айда Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дау шықты. «Өркен» бағдарламасы аясында оқуға тапсырған балалардың ата-анасы қазақ және орыс тобына бөлінген гранттар әділ бөлінбегенін айтып шағымданды. Осыған ұқсас жағдай елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде де қайталанып отыр. Данияр Рамазанов есімді желі қолданушысы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тобына тапсырып, 1238 ұпай жинаған қызының оқуға түсе алмай қалғанын айтады.
"Қызым "Әке, мен мектепте орысша оқығаным жақсы болар ма еді?". Елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің орыс тобына түсетіндерге қазақ тобына қарағанда неге қолайлы жағдай жасалған дегенде не деп жауап берерімді білмедім", - дейді ол.Данияр Рамазановтың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тобына 936, орыс тобына 706 адам құжат тапсырған. Екі топтағы оқушылар санының арасындағы айырмашылыққа қарамастан, топтар саны бірдей болып шыққан.
"Анель қазір 1238 ұпаймен оқуға түсе алмай қалды. Орыс тобына тапсырғандар аз ұпай жинаса да, грантқа түсіп кетті. Қызым қазақ тобын таңдағанына өкінеді", - дейді оқушының әкесі.Мектеп әкімшілігі оқушыны резервке қойдық деп жұбатып, жылы 4 миллион теңге тұратын ақылы бөлімге оқуға шақырыпты.