Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
284
оқылды
Олар өздерін бақылаушы орган қызметкерлері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Нақтырақ айтқанда төтенше жағдай мамандарының атын жамылып бизнес иелерін айыппұл салып және тексеру жүргізіп қорқытқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік шаралары үшін төлем жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте елде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге келер жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі.
Бүгінде осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардан 24 адамның жәбір көргені анықталды.
Сондай-ақ қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қамауға алынды. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.