Өскемен дүкендерінің бірінде ер адам мектеп оқушысын тұншықтырып өлтіре жаздады

Өскемен дүкендерінің бірінде ер адам мектеп оқушысын тұншықтырып өлтіре жаздады

Өскеменде ер адам дүкендердің бірінде баланы тұншықтырып өлтіре жаздады, - деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты. Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде хабарлады. Әйелдің айтуынша, дүкенде тұрған ер адам алдымен баланы балағаттап, кейін оның тамағынан ұстап алып қылқындырмақ болған, бірақ айналасындағылардың айғайынан кейін жіберген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Белгілі болғандай, балаға тиіскен ер адам психикалық аурумен ауыратын 1968 жылы туған ер адам болып шықты.

«Осы өтінішке сәйкес, аталған тұлға анықталып, психоневрологиялық диспансердің бөлімшесіне жатқызуға жіберілді», - деп хабарлады ШҚО ПД.
https://www.youtube.com/watch?v=i4NBx9uO2n8&feature=emb_title