5 тамызға арналған ауа райы болжамы
5 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: kartinkin.net
500
оқылды
«Қазгидрометтің» болжамынша, ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауады. Орталық пен оңтүстіктің таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Тек қана Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстікте, шығыста, Қарағандының орталығында, күндіз Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, Абай облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі.