Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны азаймай отыр. Өткен тәулікте коронавирус 2 579 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 733, Алматы қаласында – 430, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 104, Ақтөбе облысында – 52, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 100, Атырау облысында – 46, Шығыс Қазақстан облысында – 21, Абай облысында – 38, Жамбыл облысында – 53, Батыс Қазақстан облысында – 112, Қарағанды облысында – 375, Ұлытау облысында – 80, Қостанай облысында – 93, Қызылорда облысында – 42, Маңғыстау облысында – 52, Павлодар облысында – 95, Солтүстік Қазақстан облысында – 58, Түркістан облысында – 16. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 362 647-ге жетті.