Әзербайжанға есе жіберді
Әзербайжанға  есе жіберді
Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл – қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі. Әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліп қалды. Осылайша, әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Айта кету керек, бұған дейін ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен ұтқан еді. Құрама сапында Арыстанбек Оразаев пен Қазыбек Нөгербек жеңіске жетсе, Ринат Жұмабаев тең түсті. Ал Әлішер Сүлейменов қарсыласына есе жіберіп қойды. Олар бұған дейін Ливан мен Латвияны 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберген-ді.