Алматыда өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді. Олардың барлығы «трап» жаттығуынан жеңіске жетті. Жекелей сында Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Алтын медальді Анита Нұрланова жеңіп алды. Наргиза Сарманова екінші, Анастасия Прилепина үшінші болды. Жасөспірімдер арасында командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды. «Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Викторя Хасянов күміс медаль иеленді. Бағдарламаның бұл түрінен жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болып, Мария Мартинкевич/Никита Моисеев дуэті күміс медаль жеңіп алды. Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, аталған жарысқа әлемнің 16 елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатыр.