Алматыда ер адамның автобуста бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болған сәті видеоға түсіп қалған

Алматыда ер адамның автобуста бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болған сәті видеоға түсіп қалған

Ер адамның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны автобус ішіндегі камераға түсіп қалған. «Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22.30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында №38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды»,- деп жазды желі қолданушысы. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полициядан.