«Атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді»: Үкімет басшысы АШМ-ды сынға алды
«Атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді»: Үкімет басшысы АШМ-ды сынға алды
265
оқылды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде жеке бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығын реттеу мәселелерін талқылау аясында Премьер-Министр салалық министрлік тарапынан жіберілген кемшіліктерге назар аударды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді. Сондықтан кәсіпкерлерде не болып жатқаны туралы қате түсінік қалыптасады. Бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынған жоқ! Біз квота түрінде шектеулер енгіздік, бірақ оны әдеттегі экспорт көлемінен жоғары қойдық», — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттап отырған болса, квота биылғы қыркүйек айының соңына дейін қолданыстағы экспорттық келісімшарттарды шектемей, азықтық астықты бақылаусыз жаппай шығарудың алдын алуды қамтамасыз ету үшін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленді. Сондай-ақ Әлихан Смайылов АӨК субсидиялау жүйесін реформалау тақырыбын қозғады.
«Біз барлық бюджет шығыстарын олардың тиімділігін арттыру бөлігінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қайта қарап жатырмыз. Қаржыны ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға бағыттағымыз келеді. Бұл инвестициялық субсидиялар, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандату, оларды одан да қолжетімді еткіміз келеді. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды қысқартқымыз жоқ. Керісінше, оны ұлғайтқымыз келеді. Алайда одан экономика үшін, жалпы ел үшін пайда болуы керек, әрбір бюджеттік теңгенің қайтарымын арттырғымыз келеді», — деді Премьер-Министр.