Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары
Air Astana-ның операциялық қызметі: мәселелер және даму жоспарлары
252
оқылды
Жазғы навигациялық кезеңнің басынан бері дүниежүзілік авиация жолаушылар легінің өсуіне байланысты бірқатар проблемаға  тап болды. Халықаралық әуекөлігі қауымдастығының (IATA) мәліметінше, жолаушылар санының артуы әлемдегі ең ірі әуежайларда көлік дағдарысына және халықаралық әуекомпаниялары рейстерінің кешігуіне әкелді. Осы себепті Хитроу (Лондон) және Схипхол (Амстердам) қалаларында жолаушыларға қызмет көрсетуге квота енгізілді. Әлемнің басқа елдеріндегі сияқты Air Astana компаниялар тобының жолаушылар легі жаздың алғашқы екі айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға, ал өткізу сыйымдылығы 30%-ға артты. Бірінші жартыжылдықта еуропалық әуекомпанияларының ұқыптылық көрсеткіші 75 % болса, маусым айында ол 56,8 % төмендеді. Air Astana ірі торапты әуежайларға ұшатындықтан, халықаралық хабтардағы іркілістер де әуекомпанияның кестесіне әсер етіп, эстафеталық кешігулерді тудырды. Жағдайды Қазақстан әуежайларындағы ұшу-қону жолақтарын жөндеу, қарбалас мерзім кезінде әужайлардың жабылуы және құстармен соқтығысудың көбеюі ушықтырды. Осы жылдың басынан бері құстармен 63 оқиға тіркелді, оның 10 оқиғасы ұшақтардың зақымдануына алып келді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құстармен соқтығысу саны 22.3%-ға өсті. Жалпы, жазда рейстерді кейінге қалдырудың негізгі себептері техникалық ақаулар, жерде қызмет көрсету, ұшақтың кеш келуі және әуежайлар қойған шектеулер болды. Сонымен қатар Air Astana рейстерінің уақытында орындалуы өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеп, 74.3% болды.
«Осы жазда бәріміз кезіккен құбылыстардың бірі - жаһандық әуеқатынасының қарқынды қалпына келуі. Бұл пандемия кезінде жұмыстан босату мен шығындардың қысқаруына байланысты көптеген еуропалық әуежайларда қызметкерлердің және ресурстардың тапшылығымен бірге әуежайлардың өздері үшін күрделі проблемалар тудырады. Осыған байланысты көптеген жолаушылар рейстің кешігуіне тап болды, сол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Air Astana-ның бүкіл командасы рейстерді уақытылы  орындау көрсеткіштерін жақсарту үшін жұмыс істейді және әрқашан сіздің қауіпсіздігіңіз біздің басты басымдылығымыз болады. Кешігулер санын азайту және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз рейстер санын қысқарттық және Airbus A320 резервтік ұшағын бөлдік. Сонымен қатар біз Ақпарат және брондау орталығының штатын үлкейттік, сондай-ақ рейстердің кешігуіне байланысты жедел желісін аштық. Жолаушылар сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін +7 7272 44 44 78 нөміріне хабарласа алады», - деді Air Astana компаниялар тобының президенті Питер Фостер.
Air Astana сонымен қатар компанияның жұмысын жақсартуға арналған даму жоспарымен бөліседі. 2022 жылдың соңына дейін компаниялар тобы Air Astana авиапаркі үшін 2 Airbus A321LR ұшағын және FlyArystan флоты үшін 3 Airbus A320neo ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы, 2020 жылғы ортасынан 2022 жылғы наурыз айына дейін 13 ұшақ флотты толықтырды. 2025 жылдың ортасына дейін тағы 24 әуекемесі жеткізіледі және ұзағырақ пайдаланылған кейбір ұшақтарды алмастырады. Әуекемелеріне Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әуекомпанияның инженерлік-техникалық орталықтарында техникалық қызмет көрсетіледі, сонымен қатар өңірлік базаларды кеңейту жоспарланып отыр. Өзгерістер экипаждың дайындығына да әсер етеді. Нұр-Сұлтанда ұшқыштар мен бортсеріктерді оқыту үшін арнайы жаңа оқу орталығы салынады, оның құрамына толық пилотажды тренажер кіреді. Жобаның құны - 10,4 миллион АҚШ доллары. Оқу орталығы 10 жыл ішінде 18,3 миллион АҚШ долларын үнемдеп, Қазақстанда қымбат тұратын оқытуды жүргізуден басқа ұшқыштарды операциялық қызметке зарарын тигізбей қысқа мерзім ішінде қайта даярлауға көмектеседі. Осының барлығы әуекомпаниясына инженерлік-техникалық қызмет көрсету жағынан ғана емес, сонымен қатар ұшу құрамын дайындау бойынша да өңірдегі көшбасшылардың біріне айналуға мүмкіндік береді. * Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда, airastana.com веб-сайтында төменгі оң жақ бұрыштағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com анықтамалық орталыққа хабарласыңыз.. Рейс кешіктірілген жағдайда жедел желі нөмірі: +7 7272 44 44 78. Ресми хабарламалар үшін біздің телеграм арнамыз: https://t.me/PR_AirAstana * Air Astana – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (51%) мен BAE Systems (49%) бірлескен кәсіпорны. Әуекомпаниясы 2002 жылдың 15 мамырынан бастап рейстерді орындайды. Маршрут желісі 40-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтиды. Әуе флоты 38 ұшақтан тұрады: Boeing 767, Airbus A320/A320neo, A321/A321neo/A321LR және Embraer E190-E2. Air Astana Орталық Азиядағы ең үздік әуекомпаниясы үшін Skytrax сыйлығының тоғыз дүркін иегері, TripAdvisor Travelers' Choice Awards сыйлығының үш дүркін жеңімпазы және APEX 5 жұлдызды рейтингі.